×
463.91
544.63
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.91
544.63
6.26

Қазақстандықтардың шын табысы қанша

Бүгін, 16:54
Қазақстандықтардың шын табысы қанша
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан бойынша орташа айлық атаулы жалақы 2026 жылғы I тоқсанда 461 486 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЙ САЛАЛАРДА ЖАЛАҚЫ ӨСТІ?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 109,1%-ды, нақты мәнде – 97,7% өсті.

Ал жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 331 527 теңгені құраған.

Мамандардың есебінше, 2025 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%, қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 16,5 %, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 14,7%, көлік және жинақтау – 12,9%, өнеркәсіп – 11,6% салаларында байқалды.  

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде орташа айлық жалақы – 7,0%-ға, білім беру – 4,2% өсті.

ӨҢІРЛЕРДЕГІ ӨСІМ

Өңірлік бөліністе 2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Абай облысында – 14,2%, Павлодар облысында – 12,4%, Жетісу облысында -12,2 %, Алматы облысында – 10,9%  және Алматы қаласында – 10,7 % -ды құрады.

НАҚТЫ ТАБЫС АЗАЙДЫ

Еске салайық, бұдан бұрын Halyk Finance сарапшыларының шолуында 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың нақты табысы 1,7%-ға азайғаны  айтылған. Әлеуетті экономикалық өсім туралы жиі айтылғанымен, ол халықтың әл-ауқатын арттырмаған. Сарапшылар мұны өсімнің едәуір бөлігі мұнай кірістеріне сүйенуімен байланыстырады. Ал ол табыс барлық тұрғындарға бірдей жетпейді. Сонымен қатар экономикалық өсім табыс деңгейінің артуына бірден әсер етпейді, оған уақыт керек.

Табыстың азаюы тұтыну әдеттерін де өзгерткен. Нәтижесінде азық-түлікке кететін шығын үлесі артса, киім-кешек, тұрмыстық техника және басқа да күнделікті қажеттілігі төмен тауарларға жұмсалатын қаржы қысқарған. Яғни көптеген отбасы үнемдеу тәртібіне көшіп, қосымша шығындарды азайтуға мәжбүр болған.

Серіктес жаңалықтары