×
463.91
544.63
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.91
544.63
6.26

«Ерсілігі жоқ»: Дәулет Мұқаев әйелін парламент атынан құттықтауы жайлы

Бүгін, 10:13
«Ерсілігі жоқ»: Дәулет Мұқаев әйелін парламент атынан құттықтауы жайлы
видеодан скриншот

Әйелінің «гештальтін жабу» үшін парламент атынан арнайы құттықтау жасатқан Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қоғам сынына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ?

Мұқаевтың айтуынша, ол өз әрекеті арқылы қоғамды әйелдерге құрмет көрсетуге шақырғысы келген.

“Басты мақсат – барымызды бағалай білу, қадірлеу, тірісінде құрметтеу. Қазіргі таңда әйелдерге түрлі зорлық-зомбылықтар жасалып жатыр. Ер азаматтар әйелдерді құрметтесе, сол құрметін көрсетіп жүрсе деген ниеттен туды”, – дейді ол.

“Құттықтаудың басқа жолы болмады ма? Бұл әрекетіңізді ерсі көрінеді деушілер бар” деген журналиске депутат:

“Сіздің көзқарасыңыз бойынша солай шығар. Ал менің және басқа да көп адамның көзқарасы бойынша мұның ешқандай ерсілігі жоқ”, – дейді Мұқаев.

“ГЕШТАЛЬТ ЖАБУ”

Еске салайық, бұдан бұрын Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әйелінің «гештальтін жабу» үшін парламент атынан арнайы құттықтау жасатып, әлеуметтік желіде жаңа пікірталас тудырған.

– Біз парламентте құттықтауды өзіміз сатып алып жасатамыз. Ресми қағаз 5 мың теңге тұрады. Адамның есімін жазып ресми құттықтауларға барғанда алып барамыз. Лаура осылай құттықташы деп маған 30 жасқа толған кезде айтқан. Сол гештальті жабылмады. Биыл 32 жасқа толып жатыр. Гештальтін айтқанына үшінші жыл болыпты. Парламент 1 шілдеде тарайын деп жатыр. Қолымда тұрған құттықтау болған соң 5000 теңге төлеп шығарып алдым. Ішіне жүрек жарды тілегімді жаздым,– дейді Дәулет Мұқаев желіде кең тараған видеода.

Кейін депутат жұбайына арнаған жазбасын да жариялаған.

– Бүгін менің Құдай қосқан жан-жарым Лаураның туған күні. Лаура сен менің жай ғана жарым емес, үш баламыздың аяулы анасы, менің бала күнгі көршім, жүрегіме ең жақын адамсың. Біздің отбасын құрғанымызға міне 11 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде талай сәтті бірге өткердік. Қуаныш та, сынақ та,басымызға түскен қайғы да болды. Бірақ сен әрдайым жанымнан табылып, маған тірек болдың. Қолдау білдірдің. Балаларымыздің қызығын бірге көріп, әлі талай жылдарды бірге өткізейік. Мен сені жақсы көремін. Туған күніңмен, жаным! Гештальті жабылды,– деп жазған Дәулет Мұқаев.

ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫНЫҢ ПІКІРІ

Видео әлеуметтік желілерде кең тарап, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды. Бірі мұны ерлі-зайыптылар арасындағы жылы әзіл әрі романтикалық қадам деп қабылдаса, енді бірі мемлекеттік мәртебесі бар атрибуттарды жеке мақсатта қолдану қаншалықты орынды деген сауал көтерді.

– Дәулеттің халыққа, еліне пайдасынан зияны көп болды деп ойлаймын. “Декретке миллионмен” деген курс сатты. Біреуге пайдасы тиген шығар, бірақ зардап шеккендер де бар. Кейін өз сұхбаттарының бірінде миллиондаған табыс тапқанын айтып, ресми кірісін аз көрсеткенін де өзі айтқан еді. Қарапайым халық салық төлеп отырғанда, мұндай нәрсе қоғамда сұрақ тудырады, – деді Гүлбану есімді қолданушы

Айбек Қуандық есімді қолданушы депутаттың 1 шілдеде құрылтай тізіміне ілінбейтінін сезіп, орайлы сәтті ұтымды пайдаланып жатқанын айтты. 

– Депутат болғанға дейін басқаша еді. Депутат қылып сайладық. Жас қой әлі, жасар деп қоясың. Бұларға бірдеңе айтсаң, өзің не бітірдің деп шығады ғой, – дейді Дариға Жақсылық. 

Серіктес жаңалықтары