×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Нұр-Сұлтанда қызбен кездесуге барған жігітті тонап кетті

05.11.2021, 00:41
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда жас жігіт қызбен кездесуге жалдамалы пәтерге барған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

polisia.kz-ның мәліметінше, полицияға 24 жастағы қала тұрғыны шағымданған. Оның айтуынша, ол көшеде екі қызбен танысып, телефон нөмірлерімен алмасқан. Екі күннен соң әлгі қыздардың бірі оған WhatsApp-тан хабарлама жазып, жалдамалы пәтерде кездесуді ұсынады. Жігіт келісіп, бір тәулікке пәтер жалдайды. Осылайша жігіт пен қыз пәтерде кездеседі.

Бойжеткен өзімен бірге құрбысын ертіп әкелген. Ішімдік ішкеннен кейін қыз бен жігіт жатын бөлмесіне кетеді. Арада жарты сағат өткен соң бөлмеге белгісіз екі ер адам кіріп келіп, жәбірленушіні кезекпен ұрып, ақша талап еткен. Соққыға жығып, iPhone 12 телефоны мен Аpple маркалы смарт-сағатын тартып алған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын 650 мың теңгені құрады. Жедел іздестіру шаралары кезінде полиция 18 бен 19 жастағы екі жігітті және екі қызды ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, қыз-жігіттер оңай жолмен ақша табу үшін қылмысты алдын ала жоспарлаған. Күдіктілер кінәсін мойындады. Смарт-сағат тәркіленді, ал ұялы телефонды олар сатып үлгерген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары