×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Астанада өңірлер мен Нұр-Сұлтан қаласы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

06.11.2021, 13:42
Фото: астана әкімдігі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласының тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтары күннің суығына қарамастан қажетті азық-түлік қорын сатып алуда. Әсіресе, сиыр еті мен сүт өнімдері, балық пен көкөніс кең сұранысқа ие. Ал тауар құны нарықтағы бағадан 10-15% арзан.

«Бүгін күн суық болса да өз өнімдерімізді әкелдік. Тұрғындар біртіндеп жиналып жатыр. Кешкі уақытта дейін тауарларымызды сатып, ертең таңертең тағы да шығамыз. Бір байқағаным, балық өнімдерінің бағасы арзан болғандықтан тез өтіп кетеді», - дейді Ардақ есімді сатушы.

Бұдан бөлек, тауарлардың кең ассортименті ұсынылуда, соның ішінде: сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, ұн және т.б. өнімдер бар.

Айта кетсек,  аталған жәрмеңке 6-7 қараша күндеріне дейін жалғасады. Келер аптаның сенбі-жексенбі күндері тағы да 200 астам тауар өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Серіктес жаңалықтары