×
465.28
499.2
5.33
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.28
499.2
5.33

Астанада Әділет министрлігі алдындағы акциядан кейін екі белсенді ұсталды

01.06.2024, 13:20
Әлеуметтік желіден

Кеше Астанада белсенділер Амангелді Жахин мен Эльвира Бекзадина ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, 31 мамырда белсенділер "Алға Қазақстан" саяси партиясын Әділет министрлігінде 25-ші рет тіркеуге тырыспақ болған, алайда олар ұстап әкеткен.

Олар әкімшілік кодекстің 488-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) жауапқа тартқан.

14 наурызда Әділет министрлігі ғимаратының алдында партияны тіркеу үшін кезекті құжаттарды тапсыру кезінде "Алға Қазақстан" және "Біз тіріміз" деп айқайлағаны үшін Жахин 20 тәулікке қамауға алынды деген ақпарат бар.

Бекзадинаға былтыр 11 қазанда ведомство ғимаратының жанында Марат Жыланбаевтың портретімен тұрғаны үшін 110 мың теңге айыппұл салынған.

Еске сала кетейік, бұған дейін белсенді Қазақстандағы су тасқыны салдарынан Қостанайда пикетке шыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары