×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелге үкім шықты

12.07.2024, 21:14
скрин

Екі баласын өлтірген әйелдің жауап алу кезіндегі видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..

Тергеу кезіндегі бейнежазбаның үзіндісі HolaNews Telegram каналында жарияланды.

Айта кетейік, Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде жұмыс істеген 31 жастағы әйел 2024 жылғы 6 ақпанда ешкімге ескертпестен, үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған. Ертеңіне, жалдамалы пәтерде 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген. Ол бұл қадамға күйеуімен ұрсып қалған соң, барған.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан қаласында «екі баласын тұншықтырып өлтірді» деген айып тағылған 31 жастағы Бота Хамитқызына 15 жыл түрме жазасын кесті. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

Серіктес жаңалықтары