×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Біз өзі қайда тұрып жатырмыз?! Бізге қазақ мектептері керек

07.08.2024, 10:56
Біз өзі қайда тұрып жатырмыз?! Бізге қазақ мектептері керек
tarim.kz

Бұған дейін хабарланғандай, Ulysmedia.kz сайты редакциясының шығармашыл тобы ауыл-аймақты аралап, жұртшылықтың тыныс-тіршілігімен танысып, оқырман мен көрерменге өңірлерден ақпарат тарату мақсатында «Ауылға жол» атты жобасын бастаған еді. Шығармашыл топтың алғашқы аялдаған жері  Солтүстік Қазақстан облысы болды, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

Осы өңірде редакцияның шығармашыл тобы Тимирязев ауданының орталығы Докучаев ауылына барып, жергілікті халықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІ ТІПТЕН АЗ

Кездесуде жергілікті тұрғынның бірі Солтүстік Қазақстан облысына қазақ мектептерінің жетіспейтінін, өңірде мемлекеттік тілде білім беретін білім ордаларының тіптен аз екенін ашып айтты.

Қазір елдің жағдайы мәз емес. Қазақ мектептері де аз. Бізге қазақ мектептерінің көбірек салынғаны керек. Біз өзі қай елде тұрып жатырмыз?! Қазақстанда тұрып жатқан жоқпыз ба?! Сондықтан осы проблема тезірек шешімін тапса деп тілейміз, - деді ол.

Ол сөз арасында өзі де кезінде орыс мектебінде оқығанын жасырмады.

Егер біздің облыста қазақ тілінде білім беретін оқу орындары көп болса, онда біз де ана тілімізде қиналмай сөйлесетін едік қой. Қазір қазақ мектептерінің аздығынан менің балаларым да орысша оқуға мәжбүр болып отыр. Бұл біздің өңірдің бас ауруына айналды ғой, - деді ол сөзін жалғастырып.

ТІЛДІҢ МҮШКІЛ ЖАҒДАЙЫНАН БАСҚА ДА ПРОБЛЕМА КӨП

Ulysmedia.kz сайтының редакциясының шығармашыл тобы «Ауылға жол» жобасы аясында өңірдің басқа да проблемаларымен жіті танысатын болады. Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік тілдің мүшкіл жағдайынан басқа да шешімінін таппай жатқан проблемалар бар. Мысалы, қазір елді ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде билік уәде еткендей халыққа нендей көмек көрсетіліп жатыр деген мәселелер алаңдатып отырғаны жасырын емес. Міне, осы және ауылға қатысты басқа да проблемаларды алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.

«Ауылға жол» жобасына атсалысқысы келетін әр адам Whatsapp: +7 705 729 97 00 нөмірге хабарласа алады. Өтініш, тілек, арыз, шағымдарыңыз да қабылданады.