×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Land Cruiser мінген әкім айлығын жасырып қалды

25.11.2021, 11:26
Коллаж: ulysmedia.kz.

«Әкімге үш сұрақ» айдары бойынша аймақ басшыларының легін легін Ulysmedia.kz порталында бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жалғастырады. Өңірді екі жарым жылдан бері басқарып келе жатқан әкімге «классикалық» үш сұрақ жолданған еді.

БАҚ-АҚ ӘКІМ ЖАҚЫН БА?

Әкімдерге ең алдымен «Жыл басынан бері қанша БАҚ-қа сұхбат бердіңіз?» деген сұрақ бірінші қойылған болатын. Ермек Маржықпаев 2021 жылдың басынан бастап өңір басшысы ретінде республикалық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына, ақпараттық агенттіктерге, сондай-ақ интернет порталдарға бірнеше рет сұхбат бергенін хабарлады. Карантин шектеулеріне байланысты, биылғы қаңтарда облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуін, облыстық теледидарда, сондай-ақ облыс әкімдігінің YouTube арнасында тарату, әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) орналастыру арқылы бейне-конференц-байланыс режимінде өткізгенін жеткізді. Маусым айында Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында орталық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен брифингке қатысқанын мәлім етті.

«Сондай-ақ, ай сайын өңірлік БАҚ-тардың өкілдері әкімдік отырыстарына, өңір бойынша жұмыс сапарларына, сонымен қатар республикалық және өзге де атаулы күндерге арналған іс-шараларға қатысады», - делінген жауапта.

АЙЛЫҒЫ МЕН КӨЛІГІ ЖАЙЛЫ

Облыс әкімінің қызметтік көлігі - Toyota Land Cruiser 200. 2017 жылы шығарылған. 2017 жылы сатып алынған қызметтік көлік Ермек Маржықпаевқа оның алдында әкім болған Мәлік Мырзалиннен қалған екен.

«Ақмола облысы әкімі жалақысының сомасы «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №451 қаулысына сәйкес айқындалады және мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты болады», - деген әкім айлығын ашып айтудан бас тартқан.

Ермек Маржықпаев айлығын айтқысы келмеген Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен қатар тұр. Айлығын, ұялы телефоны мен көлігі жайлы ақпаратты жасырмаған әкімдердің қатарынан осы екі басшы “бөлініп” шықты. Ал ашықтық танытқан әкімдердің ішінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова, Павлодар облысының басшысы Әбілқайыр Сқақов пен Ақтөбе облысының басшысы Оңдасын Оразалин, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек (материал шыққаннан кейін айлыққа қатысты ақпаратқа түзету енгізген), Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бар. Әзірге айлығын айтқысы келмеген әкімдердің қатарында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұр.

Серіктес жаңалықтары