×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Нұр-Сұлтан мен тағы бірнеше аймақта ауа райы бұзылады

01.12.2021, 22:19
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан мен тағы бірнеше өңірде қатты көктайғақ болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ сақталады.

Қызылорда облысының орталығында батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр жел соғады.  

Ал Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда желдің жылдамдығы 15-20, таулы аудандарда секундына 23 метрге жетеді.
  
Қарағанды облысының батысында күндіз көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысы мен орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

2 желтоқсанда таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Серіктес жаңалықтары