×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ІІМ жоқ деп отырған «Хуторские» қылмыстық тобы жайлы не белгілі?

15.10.2024, 16:12
ІІМ жоқ деп отырған «Хуторские» қылмыстық тобы жайлы не белгілі?
ашық дереккөз

Қазақстан Ішкі істер вице-министрі жасөспірім Шерзат Болаттың қазасына байланысты айтқанда, Алматы облысында "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобы жоқ деп табанды мәлімдеме жасады. Алайда КазТАГ агенттігі аталған ҰҚТ-ның елде үлкен резонанс тудырған іске қатысы бар екенін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алайда ҚазТАГ бұл ҰҚТ қандай қылмыстық істерге қатысы барын еске салды. Басылым «мүмкін қазақстандық құқық қорғаушылар бұл туралы жай ғана "ұмытып кеткен" шығар»  – деп жазады.

ҚОРҒАС ІСІ

Ведомствоаралық тергеу бригадасы Алматы кеденшісі Медет Жамашевтің өліміне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл қылмыс бес жыл бұрын, 2012 жылдың маусым айында Алматының шағын аудандарының бірінде болған. Бүгінгі күні тергеу эксперименті барысында осы қылмысты жасауда мойындау айғақтарын берген және кісі өлтіру қаруын берген "Хуторские" ҰҚТ мүшелері қамауға алынды. Сонымен қатар, осы аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қаржы полициясының агенті, қытайдан тасымалданатын тауарлардың контрабандасына байланысты тікелей "Қорғас ісі" бойынша бас куәгер Талғат Махатов (Саныч, Бетон деген атпен) үй қамағына алынды. Сонымен қатар, Медеттің туыстары бұл кісі өлтіру тапсырыспен жасалған деп санайды.

Журналист Тохнияз Кучуковтың 2017 жылдың 4 қазанында "Время" газетінде жарияланған «Хоргос на глиняных ногах» мақаласы осылай басталады.

10 ЖЫЛДАН АСТАМ

Махатовқа сеніміне кірген ҰҚК агенті болған Жамашев 2012 жылдың 6 шілдесіне қараған түні өлтірілді. Келесі күні таңертең ол финполицияның кейбір басшылары жасаған көлеңкелі схемалар туралы барлық шындықты айту үшін жауап алуға баруды жоспарлады. Ең бастысы, Медет «Қорғас ісін» кім және қалай жасағаны туралы айтқысы келді». Бірақ үлгермей қалды, оны өлтірді.  Орындаушылар мен тапсырыс берушінің барлық деректері белгілі болғанымен, тергеу өте ұзақ уақытқа созылды. Жұмыс жүргңізіліп жатқанын есептемегенде, жағдайдың бес-алты негізгі нұсқасы болды.  Ақыры "Хуторские" ҰҚТ мүшелері Айбек Өтепов пен Ержан Қасымбаевқа шықты, - деп жазды "Время" 2024 жылдың 10 қаңтарында.

ЭКС-БАСШЫЛАР

Басылым іс нәтижесінде Ержан Қасымбаевты соттағанын еске салды. 10 қазанда белгілі болғандай, Ержан Қасымбаев біраз жерде "Хуторские" ҰҚТ-ның көшбасшысы ретінде көрсетілген Хасан Қасымбаевтың туған ағасы.

“Естеріңізге сала кетейік, Ержан Қасымбаевтың оқиғасында экс-сенатор, экс-бас прокурор және финполдың бұрынғы басшысы Қайрат Қожамжаровтың аты аталады. Ол негізгі куәгер ретінде Медет Жамашев айтуға тиіс кезеңде "Қорғастағы" сыбайлас жемқорлық схемаларыннан басты пайда алушы ретінде аталады. Алайда Жамашев ІІМ бізге белгісіз себептермен “білмей отырған” "Хуторские" ҰҚТ мүшелері орындаған тапсырыспен өлтіру құрбаны болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қонаевта өткен брифингте ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Талғарда ҰҚТ жоқ деп мәлімдеген болатын.