×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Сәуле Омарова АҚШ-тағы жоғары лауазымнан бас тартты

08.12.2021, 08:31
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда туған Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігіне қарасты Валюталық бақылау басқармасының басшысы лауазымына үміткерлігін қайтарып алды деп хабарлайды Ulysmedia әлемдік БАҚ бетіне сілтеме жасап.

Осылайша шетелде өзін мойындатқан, АҚШ президенті, демократ Джо Байден жауапты орынға ұсынған білікті қаржыгер жоғары банктік реттеушіге жетекшілік етуден бас тартып отыр.

Еске сала кетсек, Сенаттағы қарау барысында республикалық партия өкілдері Сәуле Омарованың жас кезінде комсомол болғанына, банк жүйесін реттеудегі ұстанымы қатаң, социалистік көзқарасы басым екеніне тиісті. Оған жауап ретінде Ломоносов атындағы Мәскеу университетін бітіріп, Қазақстан енді тәуелсіздік алған 1991 жылы АҚШ аумағына қоныс аударған Орал қаласының тумасы КСРО кезінде көп қатарластары комсомол ұйымына мүшелікке енгенін келтірді.

«Сенатор, мен коммунист емеспін, бұл идеологияны ұстанбаймын. Қайда туатынымды таңдай алмадым», – деп түсіндірді ол.

Серіктес жаңалықтары