×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Мырзатай Жолдасбеков «Астанаға Алашты жолатпаймыз» деген – Сұлтанхан Аққұлұлы

Мырзатай Жолдасбеков «Астанаға Алашты жолатпаймыз» деген – Сұлтанхан Аққұлұлы
Фото: видеодан скрин

Белгілі алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы Ara media YouTube-арнасына берген сұхбатында мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Алаш қайраткерлеріне қарсы болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СӨЗДІҢ АШЫҒЫ – ОСЫ

Сөздің ашығын айтқанда, Тәуелсіздігіміздің 33 жылдығында бүкіл мемлекетіміздің іргетасын қалап, кең байтақ жерімізді сақтап қалған Әлихан Бөкейхан мен Алаш қозғалысы екінші рет қайтадан саяси қуғын-сүргінге  душар болып отыр. Сөздің ашығы осы...

Мырзатай Жолдасбеков деген ағамыз бар. Сол кісі өзімнің жақын досым, әріптесім Дихан Қамзабекұлына айтқан сөзі бар екен: «Бізде Астанаға Алашты жолатпаймыз деген мақсатымыз болған. Неге Алашты қайта-қайта айта бересіңдер?!» деген, – дейді ол.

«БИЛІК БӨКЕЙХАНҰЛЫНЫҢ АТЫН МЕШІТКЕ ҚОЯҒА ДА ТЫЙЫМ САЛҒАН»

Сұлтанхан Аққұлұлының сөзінше, Астанада кім көрінгенге ескерткіштер орнатылған. 

– Сөйтіп, Астанада «Битлз» деген топқа, Махатма Ганди, Францияның генералы Шарль де Гольге ескерткіштер қойылды. Сосын Би-Ай Сити Сеул деген тұрғын үй кешені бар. Сол жерде аллея болуы керек еді. Сол кезде мен үкіметке, депутаттарға ашық хат жолдағанмын. Сол аллеяның қақ ортасына үлкен фонтан ашылса екен (ондай мақсат болған), ортасына Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлеріне үлкен есткерткіш орнатайық деген ұсыныс айтқанмын. Оның орнына үй тұрғызып қойды да, түркімендердің 19 ғасырдың ортасында өмір сүрген ақыны Мақтұмқұлыға зәулім ескерткіш орнатты. Алаш қайраткерлеріне емес! Сөйтіп, Астанада кім көрінгенге ескерткіш орнатылды, – дейді ғалым.

Оның сөзінше, Қазақстан билігі Әлихан Бөкейханұлының атын мешітке қоюға да тыйым салған.

БҰҒАН ДЕЙІН...

Астана әкімдігі Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмысына байланысты уақытша алынып тасталатынын хабарлаған. Бір қарағанда әдеттегі шара көрінуі мүмкін. Бірақ тарихшы Сұлтанхан Аққұлұлы бұл жерде бір кілтипан бар деп санайды. Ulysmedia.kz тілшісі тарихшының пікірін тыңдап көрген.