×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Атып тастаған жоқпын»: Мақпал Жүнісова кімдерге өкпелі

«Атып тастаған жоқпын»: Мақпал Жүнісова кімдерге өкпелі
Фото: ашық дереккөз

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде ел арасында шу тудырған видеосына қатысты пікір білдірді. Алайда ол мұндайға үйренгенін, өзіне ауыр тимегенін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ЖАҚСЫЛАП ТҰРЫП ЖАМАНДАДЫ»

Әншінің айтуынша, шынайы өмірдегі халық пен желідегі халық мүлдем басқа.

Кешірім сұрайтындай мен ешкімнің басын жарған жоқпын, ешкімді атып тастаған жоқпын. Халық өзі ушықтырып алып кетті. Бұл жағдай маған ауыр тиген жоқ. Себебі мен мұндайға үйренгенмін. Сол жағдайдан кейін де талай жерге барып, ән айтып келдік. Халық бірауыз сөз айтқан жоқ. Құшақтап, сүйіп, құрмет көрсетті. Шынайы өмірдегі халық пен желідегі халық мүлдем басқа екен. Анда-санда дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек. Әбден тойлап, ауызына келгенін айтты. Мені жақсылап тұрып жамандады. Ешкімнің аузына қақпақ болмайсың ғой. Сол видеоны жастанып жатыңдар. Мүмкін сол кезде бақытты болатын шығарсыңдар, - деді әнші журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Көп адамды саясатқа әкеліп еді»: Заманбек Нұрқаділовтің әйелі өмірден озды

«Быт-шыттарыңды шығарам»: Мақпал Жүнісова өсек таратқандарға ескерту жасады

ЗАМАНБЕК НҰРҚАДІЛОВ

Әншінің күйеуі, белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы қаза болған. 61 жаста көз жұмған оның өлімінің жай-жапсары әлі де құпия күйінде қалып отыр. Тірісінде саясаткер Қазақстанның президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевты ашық сынап, оны «билікті заңсыз иемденіп, жемқорлық жасады» деп айыптаған.

Биыл Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Мақпал Жүнісованың әлеуметтік желіде видеосы жарияланған.