×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сәуле Омарова Ұлттық банкті басқаруы тиіс – саясаткер

14.12.2021, 21:27
Сәуле Омарова Ұлттық банкті басқаруы тиіс – саясаткер
Фото: ашық дереккөз

Билік АҚШ-та жүрген Сәуле Омарованы елге шақырып, Ұлттық Банктің тұтқасын ұстатуы керек. Бұл туралы «Байтақ болашақ» экоальянсының төрағасы, Азаматхан Әміртай Фейсбук парақшасына жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Бізде қаржы саласында мықты мамандар жоқ. Бар болса да – аз. Ұлттық теңгеміздің жиі теңселуі содан болар. Менің айтқым келгені, АҚШ та қызмет ететін еліміздің тумасы Сәуле Омарова жөнінде. Осыдан біраз бұрын оны АҚШ президенті Джо Байден банк саласын реттейтін қызметке ұсынған еді. Егер оның кандидаты өтіп кеткенде Сәуле Омарова басқармада үш жарым мың қызметкері бар һәм жиынтық активі 15 триллион доллар болатын мыңнан астам банктің үстінен қарар еді. Алайда әрнәрсеге қатаң қарайтын американдықтар Сәулені коммунистік көзқарастағы адам болуы мүмкін деп қаржы саласының басшылығына жібермеді. Жарайды, мәселе онда емес. Өте білімді, білікті адам жерде қалмайды. Қарапайым қазақ қызының АҚШ-тағы ондай үлкен лауазымға ұсынылуының өзі неге тұрады?», - деп жазды Азаматхан Әміртай.

Оның айтуынша, біздің елде осындай ғаламдық деңгейдегі қаржыгер жоқ.

«Содан болар, қаржы саламыз ақсап тұр. Мысалы, төл теңгеміз айналымға түскелі бері 100 есеге құнсызданды. Бұған кім кінәлі? Әрине, қаржы саласын дұрыс жүргізе алмайтындардың Ұлттық Банкте басшы болып отыруынан. Теңгеміздің алдағы жағдайы да күмәнді, сондықтан біздің билік АҚШ-та жүрген Сәуле Омарованы елге шақырып, Ұлттық Банктің тұтқасын ұстатуы керек-ау деп ойлаймын», - дейді ол.