×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Халық Құрметке жаңа жылға дейін асарлатып үй алып бермекші

Фото: ашық дереккөзден

Егер тез арада қажетті қаржы жиналса, үйдің жарты құнын меценат көтеріп алмақшы деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желіде осындай бастама көтерілді. Ала жаздай жұт жайлаған ел өңірлеріне шөп жіберуге жанталасқан Құрмет Талапқазының өзі Шымкент маңынан жер үй алып, кәсіп бастауды, Қытайдан әке-шешесі мен бауырларын көшіріп алуды армандайды. Бұл туралы өз парақшасында журналист Мақсат Толықбай жазды.
«Үш күннің ішінде асарлатып жіберсек, бұйырса, жаңа жылда Құрмет жаңа баспанаға кіреді», – деп белсенді әрекетке шақырды жазба иесі.
Еске сала кетсек, Құрметтің бұған дейін еткен еңбегі елеусіз қалмай, мемлекет тарапынан оқуға түсуге көмек көрсетіліп, елдегі партиялардың бірі 2 млн теңге грант табыстады.
Серіктес жаңалықтары