×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Үйі өртенген отбасыға пәтер берілді. Батыр бала да сыйлықсыз қалмайды

Үйі өртенген отбасыға пәтер берілді. Батыр бала да сыйлықсыз қалмайды
Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімі балаларды өрттен құтқарған жасөспірім Олег Пирогпен кездесті. Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов, өрттің салдарынан баспанасынан айырылған Өмірзақовтар отбасын қабылады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үйі өртеніп кеткен отбасында екі жастан сегіз жасқа дейінгі төрт кәмелетке толмаған бала бар. Әзірге олар туыстарында тұрақтаған.

Кездесу барысында көпбалалы отбасыға Қостанайдағы Абай көшесінде орналасқан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етілгені белгілі болып отыр.

Күнжан Өмірзақованың алдында үй кезегінде тұрған азаматтардан ұсынылған тұрғын үйден бас тарту туралы жазбаша өтініштер қабылданған.

Отбасының құтқарушысы, батыр бала Олег Пирог болса, алғысхат пен ноутбук алды. Сонымен қатар, Олегтің ата-анасына ұлдарын лайықты азамат етіп тәрбиелегені үшін алғысын білдірілді.

«Ең алдымен, Олегтің ата-анасына үшін алғыс айтамын. Валентина Владимировна, сіздің үлкен және тату отбасыңызға барлық жақсылық, денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін. Олег, батылдық пен жанқиярлық үшін тағы да рахмет. Оқуда үлкен нәтижелер, білім мен шығармашылық ұмтылыстар тілеймін. Барлық армандарыңыз орындалсын», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Олег бүгінде ата-анасымен және тағы бес бауырымен тұрады. Ата-анасы оны сөзсіз мақтан тұтады.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің жазуынша, облыс кәсіпкерлері Олегтің ерлігін атап өтіп, бағалы сыйлықтар беруге дайын.