×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

АШМ Ахметовтің ұлынан сатып алған ғимаратқа қаңтарда көшеді

28.12.2021, 15:06
Фото: Ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа мекен-жайға қаңтарда көшеді. Бұл туралы мекеменің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі елорданың сол жағалауындағы жаңа жұмыс орнын «Ақ сұңқар НТ» ЖШС атты компаниядан шамамен 4 млрд теңгеге сатып алған. АШМ-ның жалпы аумағы 4500 шаршы метрлік жұмыс орыны Министрліктер үйінің үшінші подъезінің алтыншы қабатында орналасқан. Бұл туралы Orda.kz жазды.

«Ақ Сұңқар НТ» ЖШС құрылтайшысы – Даниалұлы Талғат Ахметов екені айтылады. Оның жеке мәліметтері Шығыс Қазақстанды басқарып отырған Даниал Ахметовтың ұлымен дәлме-дәл келеді. Бұған дейін Ratel.kz порталы да аталмыш компания шендінің ұлына тиесілі екенін жазған еді.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Ақ Сұңқар НТ» ЖШС сіздің компанияңызға одан әрі даму мен гүлдену жолын тілей отырып, өзара тиімді ынтымақтастыққа сенім білдіреді. ««Ақ сұңқар НТ» ЖШС меншігінде Мәңгілік Ел даңғылы 8, үшінші кіреберіс мекен-жайы бойынша Министрліктер үйінде орналасқан, жеке меншік құқығындағы тұрғын емес үй-жай бар. Оның жалпы ауданы 4 593 ш.м. Сіздерге жалпы құны 3,9 млрд теңгені құрайтын осы тұрғын емес үй-жайларды сатып алуды ұсынамыз», - делінген ««Ақ сұңқар НТ» ЖШС-нің Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдаған хатында.

АШМ өз кезегінде тендерде Министрліктер үйіндегі дәл осындай сипаттамасы бар жұмыс орнын алғысы келетінін көрсеткен:

  • тұрғын үй емес орын, 4500 шаршы метр;
  • 6 қабат пен бір цокольды қабат;
  • екі лифт;
  • кондиционерлер;
  • жеке санитарлы әжетханалар;
  • жер аумағы – 0,0600 га.

«АҚ СҰҢҚАР НТ» ЖШС? 

Аталмыш компания нарықта 15 жылдан бері бар. 2015 жылы ол 91,9 млн теңге, ал 2021 жылы 21,5 млн теңге салық төлеген. Ал оның құрылтайшысы Талғат Ахметов жайлы жазған Forbes Kazakhstan «Ақ сұңқар НТ» ЖШС-ның шынында да осы кісіне тиесілі екенін хабарлайды.

2017 жылдың мамыр айында ол Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері тізімінде 35-ші орында болған. Журнал Талғат Ахметовтың байлығын 145 миллион долларға бағалаған. Ол кезде әкімнің ұлы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болған.

Forbes Kazakhstan мәліметтері бойынша Талғат Ахметов Павлодар облысындағы бірқатар компанияларға иелік етеді. Олардың қатарында «Қазэнергокабель» АҚ (29,9%), «Павлодар нан зауыты» ЖШС, «KAZ InterGroup PV» ЖШС, «TASK Holding» ЖШС, «Теміржолшы» ЖШС, «Глория-Фарм» ЖШС, елордадағы «Павлодар кондитер фабрикасы» ЖШС және «Инжинирингтік жабдықтау компаниясы» ЖШС бар.

Ulysmedia.kz порталы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен министрліктің қашан жаңа нысанға көшетінін сұрап көрген.

«Министрлік қаңтар айында көшеді. Көшу мәселесі шынын айтқанда жаңа министр (Ербол Қарашөкеев) келгенге дейін шешілген мәселе. Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі Министрліктер үйіне көшуі керек деген мәселе талай жылдан бері айтылып келе жатыр. Жыл басында осы жылдың басында шешіліп, төленетін сома жыл басында бөлініп, сол арқылы шаруа атқарылып жатыр», - деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары