×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ақсуда тұрғын үйлер жылы сусыз және жылусыз қалды

31.12.2021, 18:24
Фото: ашық дереккөз

Жылу желілерінің зақымдануына орай Ақсу қаласының 4,6,14 және 15 шағын аудандарындағы көп қабатты тұрғын үйлер судан ажыратылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ақсу қаласы әкімдігінің мәлметінше, «Теплосервис-Ақсу» КМК жылу желілерінің зақымдануына байланысты 31 желтоқсан күні сағат 12:30-дан бастап жылудан ажыратылып, ауызсусыз қалды.

«Қазіргі таңда жылу желісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - делінген баспасөз хабарламасында.

Жылудан және ауызсудан ажыратылған Ленин көшесіндегі 33,35,39,43,45,57,59,51,53,55 көп пәтерлі тұрғын үйлер, Астана көшесі 39,41,43,45,47,49, Құрылысшылар көшесі, 34,36,40,41,42,42а, Доспанов көшесі, 28,30,32, № 24 балабақша, "Балапан" балабақшасы, №2 орта мектеп, қалалық емхана, Металлургтер көшесі, Абай көшесі, Амангелді көшесі, И.Суптель көшесі, Ертіс көшесі, Доспанов көшесі, Гагарин көшесі, Ә.Молдағұлова көшесі, Б. Момышұлы көшесі, Қ.Мұңайтпасов көшесі,  Е.Бекмаханов көшесі,  А.Байтұрсынов көшесі, Ы.Алтынсарин, Ә.Бөкейханов көшесі, Малайсары батыр көшесіндегі үйлер бар. Зақымдануды жойғанға дейін аталмыш мекенжайдағы тұрғын үйлер мен нысандар жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылды.

Серіктес жаңалықтары