×
521.53
601.01
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.53
601.01
6.43

Жантүршігерлік жайт: әйел пойызда босанып, сәбиін терезеден лақтырып жіберген

Жантүршігерлік жайт: әйел пойызда босанып, сәбиін терезеден лақтырып жіберген
ЖИ / ulysmedia.kz

Қызылорда - Астана бағытындағы пойызда жантүршігерлік жайт болды. Әйел адам босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға 20 сәуір күні Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда болды. Пойыз вагонының бірінде әйел сәбиін дүниеге әкеліп, артынша оны терезеден лақтырып жіберген. Сәбидің денесі табылды, ол көз жұмған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Бұл дерек бойынша көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. 

- Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, деп хабарлады.

Серіктес жаңалықтары