×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қырғызстанға оралған Викрам Рузахунов мән-жайды баяндап берді

11.01.2022, 09:58
Фото: Скриншот | Музыкант Викрам Рузахунов

Қазақстандағы «төңкеріс» кезінде ұсталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов еліне оралды. Әншіні елшілік көлігімен әкелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бішкектің орталық алаңында журналистерге сұхбат берген Викрам Рузахунов мән-жайды баяндап берді. Айтуынша, Бішкекке қайтып бара жатқан жолда шекара қызметіндегі әскерилер бірнеше жолаушыны ұстаған.

«2 қаңтар күні мен Алматыға баруым керек болды. Досым екеуміз бір істі қолға алуымыз керек еді. Сол күні митинг басталып кетті. Досым үйден шықпа деп ескертудей-ақ ескертті. Үйден шықпай 4, 5, 6  қаңтар күндері үйде болдым. Интернетті өшіріп, азық-түлік дүкендері жұмыс істемей қалды. Сондықтан үйіме қайтпақшы болдым. 7 қаңтар күні Сайран автовокзалынан Алматыдан Бішкекке такси ұстадым. Самсы әскери постында алдын ала қортынды шыққанға дейін камерада ұстады. Басында тамақ, ыстық шай берді. Жағдайды түсіндіргенше 4 күн сонда болдым», – деді әнші.

Журналистер оған қандай да бір күш көрсетілді ме, неліктен жарақат алғанын сұрады.

«Алматыға митинг үшін келгеніңді және оған ақша бергенін айтсаң, сені дереу Бішкекке депортация жасайды дегенді естіп қалдым. Үйге қайтудың ең оңай жолы болғасын, жалған мәлімдеме жасадым. Шын болмаса да, солай айтуыма тура келді.  7 қаңтар күні шекара қызметіндегі әскерилер ұстаған кезде дене жарақатын алдым. Әскерилерге ештеңе дәлелдей алмайсың ғой, барлығымызды күшпен ұстады», – деген Викрам Рузахунов сұхбат барысында айтқан мәліметтерден өзге билік өкілдерімен ешқандай мәміле, шартқа отырмағанын жеткізді.

Оның айтуынша, камерада 4 қырғызстандық бірге болған. Оларды жақын күндері босатады.

«Қырғызстан билігінің күшімен Отаныма оралдым. Қазіргі сезімімді толық жеткізе алмасам да, бастысы осы жылдар ішінде Қырғызстан мен халқымның қымбат екенін шынайы сезінбей келіппін.  Қырғыз Республикасының ІІМ-не, екі елдің елшілігіне, Қауіпсіздік комитеті мен Қазақстанның ІІМ өкілдеріне алғыс білдіремін. Қазір Қазақстанда да өте қиын жағдай, әркімнің басына түсуі мүмкін. Мен тек осы жағдайдың құрбаны болып кеттім. Былайша айтқанда ыңғайсыз уақытта, керек емес жерге тап болдым. Бастысы басым аман, қалғаны өтеді. Сол үшін қуаныштымын. Өз-өзіме келуіме уақыт керек, шығармашылығымды жалғастырамын. Өздеріңізге мәлім, джазз фестивалдерін ұйымдастырамын. Қазір осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр», – деді ол.

Еске салсақ, Қырғыстан халқы Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға қатысу үшін көрші ел тұрғындарына 90 000 теңге ұсынылғаны туралы видео мәлімдеме жасаған күдіктіні музыкант Викрам Рузахунов екенін таныған болатын. Артынша Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі алдында митинг болды. Оған Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев қатысты. Сондай-ақ, президент Сабыр Жапаров әншінің террорист емес екенін, музыкант екенін айтып мәлімеде жасаған болатын.

Серіктес жаңалықтары