×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшысы туралы не айтты

11.01.2022, 22:51
Фото: Фейсбук парақшасынан

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ажар Гиниятты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ол мемлекет басшылығының қазіргі қиын кезеңде өте маңызды және дұрыс шешім қабылдағаны туралы айтты.

«Ол учаскелік педиатр дәрігер болудан бастап ауылдық, облыстық денсаулық сақтау саласында, Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратында қызмет атқарғанын, әріптестері арасында беделі жоғары, қиын-қыстау кезеңдерде еңбек еткенін білемін. Ол кәсіби маман ғана емес, жақсы ана. Жаңа министрден еліміздің медицина қауымына қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға барынша көмек көрсетуді сұраймын. Алда талай жауапты жұмыстар күтіп тұр!», - деп жазды Алексей Цой Фейсбук парақшасына.

Еске сала кетсек, өткен жылы 20 желтоқсанда Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметтен неге кеткені туралы жазған болатын.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен бүгін Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары