×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Олжас Құдайберген Мұхтар Тайжанды желідегі жазбасы үшін сотқа бермек

17.01.2022, 16:31
Олжас Құдайберген Мұхтар Тайжанды желідегі жазбасы үшін  сотқа бермек
Фото: коллаж Ulysmedia.kz

Саясаткер Мұхтар Тайжан Фейсбук парақшасына «Center for strategic initiatives» консалтингтік компаниясының аға серіктесі Олжас Құдайбергеновтың сұхбатын жариялап, Қазақстанда әділетті девальвация ешқашан болмағанын, сол себепті оның «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі болуына қарсы екенін жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазақстанда әділетті девальвация ешқашан болған емес, әсіресе 2014 жылы. Оның игілігін тек оның болатынын білгендер – олигархтар көрді. Түн ішінде олар толықтай байыды, бұл ешкімге құпия емес. Халық күн сайын күрт кедейленді. Сондықтан мен бұл кандидатураға қарсымын», - деп жазды Мұхтар Тайжан.

Бұл жерде ол «Center for strategic initiatives» консалтингтік компаниясының аға серіктесі Олжас Құдайбергеновтың  «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі болуына қарсы екенін меңзеді.

Олжас Құдайбергенов оған жауап жазды.

«Өкінішке қарай, Мұхтар Тайжан өзінің қадір-қасиетін көрсету мүмкіндігін пайдаланбады. Өйткені мен оған «Болар елдің баласы бірін-бірі «батыр» дейді» деп, ел қамы үшін эмоциясын басқара білу керектігін жаздым. Дегенмен, оның ойы басқа – ол мені Жаңаөзендегі мұнайшыларға қарсы шықты деп айыптай отыра өтірікке толы жазба жазды.

Ал енді, қалай ойлайсыз, Тайжан өз өтірігін ресми түрде жоққа шығаруға, оқырмандар алдында өтірігін мойындауға, өзіне ыңғайсыз болса да шындықтың орны маңызды екенін көрсете ала ма? Көрсете алады деп үміттенемін. Егер ол мүмкін болмаса, мен келесі аптада сотқа жүгіну арқылы оның орынсыз айтылған әңгімімелерін көрсетуге көмектесемін.

Сізді осы лас оқиғаға араластырғаным үшін кешірім сұраймын, бірақ мына болып жатқан орынсыз жағдайдың ауқымы мені таң қалдырды. Мен Тайжанға енді ренжімеймін деп уәде беремін!

P.S. Тайжанның арқасында достар тізімін өтірікке құмар адамдардан тазарттым», - деп жазды ол.

Даудың басы Олжас Құдайбергеннің Мұхтар Тайжан өткен аптада өзі туралы жазба жазғанын, ондағы ақпараттар шындыққа жанаспайтыны туралы пікірінен шықты.

«Мен үшін 2007 жыл5ы студенттік жылдар туралы оқу қызық болды. Негізі мен бакалавриатты 2001 жылы бітірдім (дұрыс түсінсем, сіз 1994 жылы бітіргенсіз). Демек, сіз мені басқа біреумен шатастырып отырсыз. Содан кейін мен сізбен небәрі 2-3 рет кездестім (алғаш рет 2012 жылы), қалғанының бәрі іс-шаралардағы өткінші кездесулер, тіпті ол жерде де біз бетпе-бет кездеспедік. Жалпы, сіз мені жеке танымайсыз», - деп жазды Олжас Құайберген Фесбук парақшасына.

Еске салсақ, Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің құрамы жарияланғаны мәлім.  Тізімдегі тұлғалар ел-жұртқа жақпай, көпшілік қарсы шыққан болатын.