×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Шахмат қауымдастығы чемпионды қарсы алуға жарамады

19.01.2022, 16:13
Коллаж: ulysmedia.kz

Шахматтан  Әлем чемпионы Бибісара Асаубаеаваны Федерация басшылығының қарсы алмағаны көпшілік тарапынан түсінбеушілік туғызды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

17 қаңтарда астана әуежайында шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны жақындары күтіп алды. Жас шахматшыны жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлады.

Астанадағы шахматшылар Бибісараны Шахмат қауымдастығының президенті Бейбіт Атамқұловтың  қарсы алуға келмегенін қамыға жазды. Белсенді Ернар Сеитахмет бұл уақытта Өзбекстанда болған жағдайды мысалға келтіреді. Көрші елдің бізге қандай қатысы бар дерсіз.

«2021 жылдың соңында шахмат әлемінде бір нәрсе өзгерді: Орталық Азияның екі өкілі әлем чемпионы атанды. Өзбекстанның 17 жастағы өкілі Нодирбек Абдусатторов рапид бойынша әлемдік біріншілікті жеңіп алса, 17 жастағы қазақстандық Бибісара Асаубаева блиц бойынша әйелдер арасында әлем чемпионы атанды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет»,- деп жазды Ернар.

Пост авторы Нодирбек Абдусатторовға өзбек елінің қандай құрмет көрсеткенін де тарқата жазған.

«Нодирбек Абдусатторовты бүкіл Ташкент қарсы алды. Ел президенті Шавкат Мирзиеев әлем чемпионына Ташкентте екі бөлмелі пәтер сыйлады. Абдусаттордың өзі 250 млн сум, ал оның жаттықтырушысы 100 млн сум (тиісінше 10 млн теңге және 4 млн теңге) алды. Чемпионды туған Самарқанд облысы бөлек шақырып, тұрғындармен және шахмат әуесқойларымен кездесу ұйымдастырды»,- дейді ол.

Фото:Нодирбек Абдусатторов-жылдам шахматтан әлем чемпионы

Өзбекстан шахмат федерациясы Нодирбекке жан-жақты ақпараттық қолдау көрсеткен. Күн сайын дерлік тікелей эфирлер, фоторепортаждар беріп, жас балалармен бір мезгілде ойын сеанстарын ұйымдастырған.

 «Мұндай Федерациямен Өзбекстан шахматта биік белестерге жетеді. Үкімет зияткерлік ойынды дамытуға мүдделі сияқты, өйткені бұл халықтың сауаттылығын арттырудың ең оңай жолы», - дейді ол.

Атамқұловтың орынбасарларының бірі елде шахматқа қаржы аз бөлінетінін айтып шағымданған. Мемлекет федерацияға тек 30 млн теңге бөледі, себебі олимпиадалық спорт түрі емес деп санайды. Бірақ, шахматшылар Қауымдастық дұрыс жұмыс атқарса, қаржы көзін табуға болады деп есептейді.

«Федерация басшылығы қарапайым шындықты түсінбейтін сияқты. Ақша іздейтін, сұрайтын, нәтиже көрсететін және өз бағытын шынымен дамытқысы келетін адамға беріледі. Шахматтың басқа олимпиадалық ойындардан артықшылығы бар екенін түсіну керек.  Ол ең қолжетімді спорт түрі. Біздің шахматшыларымыз үнемі жоғары нәтижелер көрсетеді»,- дейд белсенді.

Желіде туындаған сын-пікірлерге Қазақстан Шахмат қауымдастығы жазбаша жауап берді. Ол жерде Өзбекстанның спорт түріне миллиондаған қаражат бөлетінін алға тартқан.

«Өзбекстанда соңғы бірнеше жыл бойы шахмат спортын толық мемлекеттік қаржыландыру көріне бастады, бұл ретте миллиондаған АҚШ доллары жас таланттарды қолдауға, турнирлер өткізуге, сондай-ақ шеберлік сыныптары мен түрлі ОЖЖ үшін халықаралық деңгейдегі мамандарды тартуға жұмсалады. Өзбекстан шахмат Федерациясының тиісті қаржыландыруы бар, инфрақұрылымдық тұрғыдан өте дамыған тиісті ғимараты және кеңселері, ойын залдары, жатақханасы және жеке автопаркі бар жеке аумағы бар», - деп жазды қауымдастық.

Сондай ақ, қауымдастық былтыр қанша қаржы бөлінгенін атап өтті. 

«Қазақстанда 2021 жылы мемлекеттен 30 млн.теңге мөлшерінде қаржы  бөлінді. Аталған қаражат ҚР құрамасының 34 спортшысының шәкіртақысын және шахмат бойынша бас бапкердің еңбекақысын төлеу үшін пайдаланылды»,- делінген онда.

Осы тұста мәселеге бей-жай қарамайтын пікір иелерінің сөзін де келтіре кетсек. Ногай Куан есімді Фейсбук қолданушы Бибісараның барлық қаражатын ата-анасы көтеретінін жазған.

Фатима Елбаева елге шахматтан тұңғыш алтын әкелген спортшыны лайықты құрметке бөлеу керектігін айтады. 

Дина Қайырғалиева есімді қолданушы Шахмат қауымдастығына Бейбіт Атамқұловтың тұсында көк тиын қаржы түспегенін айтады. Тіпті, оның беделіне күман келтіреді.  

Варуше Мадатян есімді шетелдік әйел қолда бар алтынның қадірін білмейтін қазақтарға ренішін білдірген. 

Халима Тәжіқұл елде ақыл-ой бағаланбайтынын алға тартады.

Еске салсақ,  2020 жылы 31 қаңтар күні Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) кезектен тыс Құрылтайы өтті. Онда ұйымның жаңа президенті болып Бейбіт Атамқұлов сайланды. Атамқұлов жақында отсавкаға кеткен Үкімет құрамында Индустия және инфрақұрылымдық даму министрі болған. Қазір ресми қызметте жоқ. Бірақ, дереккөз оның Алматы қаласының әкімі болатыны туралы мәліметпен бөлісті. Маңызды қызмет күтіп отырған Атамқұловтың талантты спортшылармен кездесуге құлқы жоқ болып шықты.  

P.S Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Бибісара Асаубаеваның анасын қабылдап медаль табыстаған көрінеді.

Серіктес жаңалықтары