×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Бүліктен зардап шеккендердің несие төлеу мерзімі 3 айға шегеріледі

20.01.2022, 17:53
Фото: ашық дереккөз

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер несие төлемдерін 3 айға шегеруге болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл мәселе бойынша елдің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірыңғай ереже қабылдады. Қарыздар мен микрокредиттер бойынша кейінге шегеру кезеңінде барлық қаржы ұйымдары тұрақсыздық айыбының, айыппұлдың, өсімпұлдың сомасын есептемейді. Сондай-ақ қарыз алушының кредиттік тарихына нұқсан келмейді. Кейінге шегерілген қарызды қайтарудың екі жолы бар. Яғни несие мерзімін ұзартуға болады немесе төлем сомасына теңдей бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі.

«Кейінге қалдыруды азаматтар алуы үшін өтінішті барлық байланыс құралдары арқылы немесе сол қаржы ұйымдарының бөлімшелеріне барып тапсыруларына болады. Өтініштің нысаны еркін болып табылады. Әрине біз түсініп отырмыз. Кейбір зардап шеккен кәсіпкерлерге үлкен нұқсан келтірген болса, оларға үш ай аз болуы мүмкін. Сол үшін үш айдан басқа көбірек уақыт керек болса, онда қаржы ұйымдарымен басқа да дербес ұзағырақ шарт қарастырылуы мүмкін», - ҚР ҚНРДА департамент директорының орынбасары Ернар Оразбаев.

Серіктес жаңалықтары