×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Ректор Тоқаевты қолдаған пікірі үшін сайтқа қанша төледі?

02.02.2022, 14:15
Коллаж: ulysmedia.kz

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбатын қолдап берген пікірін отандық сайттардың біріне ақша төлеп шығарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Материалдың шекесіндегі жарнама белгісі оның ақылы түрде шыққанын айғақтап тұр. Ел арасында «отклик» деп аталып кеткен мұндай қолдау пікірлердің мемлекеттік мекеменің қаражатына шығарылғаны қаншалықты дұрыс. Әлде ректор жарнама ақысын өз қалтасынан төледі ме?  

«Бұл Президенттің қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейінгі алғашқы сұхбаты. Шынында да, халық бұл сұхбатты күтті, сонымен қатар бізді толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап алдық. Егер біз «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрғымыз келсе, онда бізге қазір ашық саясат қажет. Біріншіден, кешегі сұхбат барысында қаңтардағы оқиғалардың не үшін болғандығы туралы ашық айтылды, бұрын білмеген көптеген фактілер белгілі болды. Біз еліміз үшін қиын сәттерде шұғыл әрі пәрменді шешімдер қабылдау қажеттігін түсіндік…», - дейді Дәрия Қожамжарова ақылы материалды.

Аталған сайтта жарнама құны 850 мыңнан - 1,1  млн теңге аралында. 

Дәрия Қожамжарова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 2018 жылдан бері басқарады. Еңбек жолын Таразда оқытушы болып бастаған ол 2008- 2016 жылдары Жамбыл облыстық мәслихатында депутат болған.

Ел-жұрт билік басындағыларға ашық жағымпазданатын шенеуніктерге күдікпен қарайды. Қожамжароваға жақында тұтқындалған Бақытгүл Хаменованың «тағдыры» да сабақ болмаған сыңайлы. Елбасына өлең арнаған экс-депутат, Атырау облысы әкімінің орынбасары жемқорлық қылмыс жасағаны үшін күдікке ілініп, қамауда отыр. Мүмкін «жоғары жақ» өңірлерге Президентті қолдау міндетті деп жүктеп қоюы ықтимал.

Ulysmedia.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбеновадан мемлекеттік университет ректорының мақалалары кімнің есебінен – бюджеттен немесе оның жеке қаражаты есебінен төленгенін сұрады. Алайда Білім министрлігінің өкілі бұл сұраққа жауап беруден бас тартты.

«Бұл бүгінгі брифингтің тақырыбы емес. Мен сіздің сұрағыңызға жауап бере алмаймын», - деді ол.

Сондай-ақ, шенеунік университет ректорының Президентті мақтауын БАҚ-та ақы төлеп жариялау этикаға қаншалықты сай және бұл білім сапасына қалай әсер етеді деген сұраққа жауап берген жоқ.

Ал Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жағымпаздықты жақтырмайтын жиі айтады. Сұхбат барысында, жиындарда сөз арасында жеке басын мақтайтын адамдарды елемеуге тырысатынын үнемі атап өтеді.

Серіктес жаңалықтары