×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

3 мыңға жуық кадр керек: Елде автобус жүргізушілері неге қат?

25.01.2023, 11:26
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан автопарктеріне 3 мыңға жуық жүргізуші жетіспейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Александр Юрьевич атты азаматтың автобусты тізгіндеп, нәпақа тауып жүргеніне 12 жылға болған. Екі айдың ішінде 600 мың теңге жалақы алыпты. Бірақ мұндай қаражат табу үшін демалыс көрмей жұмыс істеу қажет деп отыр.

Таңғы 5:30-да тұрамыз. Күні бойы автобуста отырып, үйімізге кешкі 9-да барамыз. Жүргізушілер де жетіспейді. Жеңіл ақша жоқ. Қыста кептеліс көп, көктайғақ. Жазда ыстық болады. Кейде 5-6 күн демалыссыз жұмыс істейміз, - дейді ол.

Жалпы, жұмыс істеуге ниетті тұрғындар жоқ емес, бар. Бірақ жүргізуші болғысы келетіндердің басым бөлігі – жастар. Ал олардың автобус айдауға тиісті куәлігі жоқ.

Жастардың бәрі Д1 санатындағы жүргізушілер болмаған соң, біз оларды қабылдай алмаймыз. Д1 санатын алу үшін мол тәжірибе керек. Сондай-ақ теориялық емтиханды бізде тапсыра алса, практикалық емтиханды тек Алматы мен Астанада ғана тапсырады. Ал жастардың екі қаланың арасында сенделіп, шығынға батқысы келмейді. Бұл – өзекті мәселе, - дейді «Таксокомбинат 1» автопаркінің көлік инженері Болат Кенжеболатов.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да қоғамдық көлікті жүргізуші үшін арнайы санаттағы куәлікті алудың қиын екенін айтып отыр. Шектеулер көп. Мәселен, автоубс жүргізушісі 25 жастан асқан болуға тиіс.

Бұл ретте көлікте 5 жылға жуық және 3 жылға жуық сыйымдылығы аз автобус жүргізуі қажет. Ал қазір кез келген өңірде сыйымдылығы аз автобус шағын қоғамдық көлікке ауыстырылғанын ескерсек, жүргізушілер Д1 санатындағы жүргізуші куәлігін ала алмайды, - дейді «Атамекен» ҰКП логистика және көлік департаментінің басқарушы директоры. Мұрат Әмірин.

Ал Автокөлікшілер одағы автобус парктеріне мемлекеттен субсидия қажет деп отыр. Яғни, шопырлардың жұмысына сай жалақысы да қомақты болуы қажет.

Біріншіден, біз жүргізушілерге дұрыс ақша төлеуіміз керек. Ал қазір жалақысын уақытында төлей алмай жатқанымыздың себебі, жергілікті билік дұрыс назар аудармай жатыр. Субсидиялауды атқармайды. Уақытында және керекті көлемде субсидия бермей жатыр. Сондықтан автобус парктері қиын жағдайға түсті, - дейді «ҚР Автокөлікшілер одағы» ЗТБ атқарушы директоры Сәбит Аманбаев.

Ішкі істер министрлігі жүргізушінің жасы мен еңбек өтілі мерзімін қысқарту туралы мәселені қолдаған болатын. Бірақ өзгерістердің қашан, қалай болатыны әлі беймәлім.

Серіктес жаңалықтары