×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Жауғашты тұрғындары наразылыққа шықты

02.02.2023, 08:02
видеодан кадр

Ұялы байланыссыз отырған Алматы облысы Жауғашты ауылының тұрғындары тағы да наразылыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Алматы” телеарнасы тілшілеріне шағымдарын жеткізген жергілікті тұрғындардың сөзінше, ауыл ішіндегі әйелдер түзету мекемесі аумағына орнатылған байланысты бұғаттау құрылғысы тұтас ауылға кедергі болып отыр. Бұл мәселені 2 ай бұрын көтерген болатын Жауғашты жұрты енді түзету мекемесінің алдына жиналды.

«Төрт балам мектепте оқиды. Интернет ұстамайды, байланыс жоқ. Желтоқсан айында ауырдым. Жедел жәрдем көлігін шақыра алмаймыз. Біз тұрған ауылды, үйді таба алмайды», – деді Жауғашты ауылының тұрғыны Самал Есенбаева.

Жергілікті жұртқа жауыр болған желі мәселесі әлі шешілер емес. Бұған ауыл ішінде орналасқан әйелдер түзету мекемесі себеп көрінеді.

«Әйелдерді түзету мекемесінде байланысты бұғаттау құрылғысы орнатылған. Қараша айында «Алматы» телеарнасын шақырып, мәселені айтқанбыз. Сол кезде 1-2 ай байланыс болды.  Кешелі бері құрылғы қайта қосылды. Менің аяғым ауыр, жақында босанам. Жедел жәрдем көлігін қалай шақырамыз?» – деді Жауғашты ауылының тұрғыны Зарина Тоқымбетова.

Ал Жауғаштыдағы №10 әйелдер түрмесінің басшылығы ауылда байланыс болмағанын айтып, ақталып отыр. Сондықтан байланыс сапасына түрменің тікелей қатысы жоқ.

«Ұялы операторлармен келісім әлі жасалған жоқ. Бұғаттау құрылғысын қосып, өшіру біздің қолымызда емес. Орталықтандырылған жүйе Астана қаласында. Дәл қазір құрылғы қосылып тұрған жоқ», – деді Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекеме басшысының орынбасары Ердос Беріков

2000 халқы бар Жауғашты ауылында бүгін  байланыс бар. Тек қанша уақытқа созылары белгісіз. Ал байланысты бұғаттайтын құрылғыны орнататын жеке компаниямен Қылмыстық атқару жүйесі департаменті келісімге келмек.

Серіктес жаңалықтары