×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Түркістан облысында 3 күн бұрын жоғалып кеткен оқушылар жалдамалы пәтерден табылды

03.02.2023, 12:09
Фото: дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 2 жасөспірім қызды іздеп тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Түркістан қалалық полиция басқармасына екі әйел хабарласып, көмек сұрады. Көрші тұратын жалғызбасты аналардың айтуынша, біреуінің 10-сынып, екіншісінің 9-сынып оқитын қыздары 29 қаңтарда үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жоғалған жасөспірім қыздарды тез арада табу мақсатында Түркістан қаласының тәжірибелі полицейлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Із-түссіз кеткен екі кәмелет жасына толмаған қыздардың суреттері жолаушы тасымалдаушыларға көрсетіліп, Түркістан қаласында орналасқан ойын-сауық орындары, қонақ үйлер тексерілді. Сондай-ақ Түркістан облысы ПД-ға қарасты барлық қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдерімен, басқа да облыстық полиция департаменттерінің криминалдық полиция басқармаларына бағытнамалар жолданды.

«Түркістандық тәртіп сақшыларының 3 тәулік бойы үзіліссіз жүргізген іздестіру шаралары оң нәтиже беріп, жасөспірім қыздар табылды. Олар облыс орталығындағы 1-мөлтекаудандағы жалдамалы пәтерден табылды. Осылайша дін-аман табылған оқушы қыздар отбасыларына қайтарылды», - делінген хабарламада. 

Анықталғандай, екі жасөспірім өздері тұру үшін пәтер жалдаған, содан 3 күн бойы сонда түнеген. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қыздардың аналарына профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары