×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Азық-түлік тағы қымбаттады: Әкімдер Смайыловтың ескертуінен секем алмағаны ма?

10.02.2023, 11:14
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,4%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жылдық мәнде азық-түлік бағасы 23,5%-ға өсті.

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген бюро мәліметінде.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы 2023 жылғы 7 ақпан/:

Айран 2,5– 369 тг/л;
Сүзбе – 1952 тг/кг;
Қырыққабат – 107 тг/кг.

Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде көкөністер бағасы айтарлықтай өскені хабарланған

Апта басында өткен Үкімет отырысында премьер-министр бағаны ұстап тұруға қаржы бөлінгенімен, азық-түліктің қымбаттауына жол берген әкімдерді сынға алған еді. Смайылов бағаны тұрақтандыра алмаған басшылар қызметімен қоштасатынын ескертті.

«Тағы да қайталап айтамын. Азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды негізгі міндеті. Жұмысқа немқұрайлы қарау орын алса және нәтиже болмаса тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы бұған дейін де айтылды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары