×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Астанада бір тәулікте 91 жол апаты тіркелді

30.09.2021, 12:49
фото: Ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда ауа райы қолайсыздығынан жол-көлік оқиғасы жиіледі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ауа райы қолайсыздығынан елордада жол апаттарының саны артты. Өткен тәулікте 91 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы орайда полиция департаменті жолаушыларды барынша мұқият және сақ болуға шақырады. Жылдамдық пен қашықшық режімін сақтап, маневр жасау ережелерін бұзбауды ескертеді. Жүргізушілер үшін ең қауіптісі - дымқыл асфальт. Жол тайғақ, оның үстіне түнгі аяз басталды. Сондықтан кенеттен маневр жасап, кілт тоқтаудан аулақ болу керек», - дейді астананың полиция департаменті.

Ведомство жауын-шашынның жол қозғалысы барысына тигізетін салдарын да еске салды. Мәселен, кеше түнде Нұр-Сұлтанда көпір үстінде екі көлік соқтығысып, салдарынан 5 адам мерт болды.

Серіктес жаңалықтары