×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

1200 адамның жұмыссыз қалуы: Бестөбе кеншілері ауылға Склярдың келуін талап етті

31.03.2023, 10:48
Коллаж: Ulysmedia.kz

Жұмыстан қысқаратындары туралы хабарлама алған жұмысшылар Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі Мәдениет үйіне жиналып, премьер-министрдің бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Роман Склярға бейнеөтініш жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеода жұмысшылар жағдайды шешу үшін Склярдың ауылға келуін сұрайды.

"Қазіргі уақытта компанияның барлық 1200 қызметкеріне қысқарту туралы хабарлама келді. Мемлекет басшысы жеке тапсырма бергендіктен, қызметкерлер мен тұрғындар мәселені шешу үшін біздің ауылға келуіңізді сұрайды. Сіз Бестөбеге келгенге дейін олар мәдениет үйінің ғимаратында болады. Сіздің келуіңіз президент тапсырмасының орындалуын білдіреді", - дейді жұмысшылар.

Еске салайық, 29 наурызда Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы «Алтыналмас» алтын өндіру фабрикасының мыңнан астам жұмысшысы қысқарту туралы хабарлама алды.

"Сіздің атқаратын лауазымыңыз/кәсібіңіз бір айдан кейін қысқартылады. Еңбек шарты бұзылған кезде сізге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, жұмысынан айырылу салдарына байланысты орташа айлық жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді", - делінген кеншілерге келген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары