×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Атырауда қатарластарын қатыгездікпен ұрып-соққан жасөспірімдер тергеліп жатыр

14.04.2023, 16:28
фото: ашық дереккөзден

Атырау қаласында колледж жатақханасының жанында қатарластары 2007 жылғы жасөспірімді соққыға жыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желі қолданушысы Аликош Романова жүктеді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 сәуірде болған.

«Атырау қаласындағы колледж жатақханасының жанында 2007 жылғы жасөспірімге дене жарақаты салынған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ретінде 2006 және 2007 жылғы жасөспірімдер ұсталды. Олар Атырау қаласындағы №2 полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұдан бұрын желіде Өскемендегі сауда орталықтарының бірінде жасөспірім қыздардың өз қатарластарын ұрып-соққан, тізерлеп отырғызып, шешіндірген видеосы тарады. Құқыққорғаушы Дина Таңсәрі соққыға жығылған жасөспірім жайлы тың деректерді жариялады. Көп ұзамай бұзақылық жасаған қыздардың бірінің анасы қызметінен кетті.

Серіктес жаңалықтары