×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Зілзала: алматылықтарға дабыл сөмкесін дайындау ескертілді

20.04.2023, 08:34
фото: ашық дереккөзден

20 сәуірде таңертең Алматы тұрғындарына дабыл сөмкесін дайындау ескертілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Осы бейсенбі  сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтетін болады.  Бұл ретте  жылына екі рет өткізіледі. Тоқсан сайын қала ұйымдарында сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілсе, жыл басынан бері өзінде 2,8 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау”, – делінген Алматы қалалық ТЖ департаментінің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, алдағы  жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындық жүргізілуде. Мәселен, бүгіннен бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталып, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы ақпараттандырылмақ.

“Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, «ДАРМЕН» мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі”, - деп хабарлады департаменттегілер.

Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жадынамалар тарата отырып, сондай-ақ ТЖ жағдайына дабыл дорбасы жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілетін болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын оңтүстік астанаға жұмыс сапары барысында премьер-министр Әлихан Смайылов Түркия мен Сирияда орын алған қайғылы оқиға Қазақстанға, әсіресе Алматыға үлкен сабақ болуы керектігін айтып, қала әкімдігіне сейсмикалық қауіпсіздік шараларын күшейтуді міндеттеді.

Сондай-ақ, ТЖМ жер сілкінісі болса, Алматыдағы үйлердің 30%-ы жермен-жексен болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Серіктес жаңалықтары