×
491.71
529.97
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.71
529.97
5.05

Қазақстанның қай өңірінде қартаю деңгейі жоғары

22.06.2023, 15:34
Қазақстанның қай өңірінде қартаю деңгейі жоғары
flickr.com

Елімізде қартаю индексі бір жыл ішінде 1,6 пунктке көтерілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылы қартаю индексі 28,2 құрады, осылайша көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6 пайыздық тармаққа өсті (26,6 – 2021 ж.). Бұл дегеніміз 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс ШҚО-да – 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан – 56,3 және Қостанай облыстары – 48,9.

Бұл ретте, халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы, соңғы 10 жылдан бері онда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Онда 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді. Сондай-ақ қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 және Шымкент қаласында –11,7.

Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5.

Айта кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы өскенін хабарлағанбыз.