×
450.61
488.91
4.97
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
450.61
488.91
4.97

Әкімдіктер ірі кәсіпорындардағы заңбұзушылықтарды анықтауға мүдделі емес – Еңбек министрлігі

24.10.2023, 17:31
Коллаж: ulysmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасында осындай қорытындыға келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кейінгі жылдары Қазақстанда еңбек ресурстары өсіп келеді: жұмыспен қамтылған халық саны 3% артып, 8,9 млн адамды құраған. Сонымен қатар, қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін адамдар саны да көбейіп келеді.

Еңбек министрлігі жыл сайын Қазақстанда еңбек заңнамасының заңбұзушылықтары көбірек анықталатынын хабарлайды. Осы фактілер бойынша қылмыстық істердің барлығы дерлік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты.

Заңбұзушылықтардың өсуіне әкімдіктер қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің бірі ретінде кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанудың төмендеуін енгізу ықпал етті деп болжанып отыр.

"Әкімдіктер денсаулық сақтау ұйымдары мен коммуналдық салаға қатысты өңірдегі ірі жұмыс берушілер болып саналады. Әкімдіктер өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу бөлігінде ірі жүйе құраушы кәсіпорындарға қатты тәуелді. Мұның бәрі еңбек инспекторлары еңбек саласындағы анықталған заңбұзушылықтар бойынша көрсеткіштерді арттыруға мүдделі болмаған кезде "мүдделер қақтығысының" пайда болуына апарып соғады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша келесі өңірлер: Абай, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау облыстары және Астана бойынша жеңіл және орташа дәрежедегі бірде-бір жазатайым оқиғаның тіркелмегені осындай жанама белгілер саналады", - делінген басылымда.

Министрлік барлық мәселелерді шешу үшін тұжырымдама жасаған. Ол бес бағытта іске асырылатын болады:

  • тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғырту;
  • еңбекті қорғау саласындағы алдын алу тәсілдерін жетілдіру, салдарлармен күрестен кәсіптік жарақаттар мен аурулардың алдын алуға көшу;
  • кәсіптік тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру;
  • еңбекті қорғау саласындағы кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту;
  • еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру.

Еңбек министрлігі тұжырымдама қабылданғаннан кейін Қазақстанда өндірісте жарақаттану мен кәсіптік ауруларды жасыру деңгейі айтарлықтай төмендейді деп күтіп отыр.

Серіктес жаңалықтары