×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Нұрлан Сабуров Ресейде құжат рәсімдеуде орыс тілінен сүрінді

Бүгін, 15:38
Нұрлан Сабуров Ресейде құжат рәсімдеуде орыс тілінен сүрінді
скриншот

Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров Ресейде құжат рәсімдеу кезінде орыс тілі сынағынан өте алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әзілкеш орыс тілі сынағанын өте алмай қалғаны туралы Дубайда өткен кешінде айтқан.

Сабуровтың айтуынша, оған құжаттар салық мәселелерін шешу үшін де қажет болған. Сонымен қатар,әзілкеш Ресейдің көші-қон ережелерін қолдайтынын атқан.

Ол жұбайымен бірге орыс тілі мен тарихы бойынша міндетті тест тапсырған.

– Әйелім екеуміз бір партада отырдық… Сұрақтар қиын болды. Мысалы, Русьтің шоқындырылуы қашан болғаны туралы. Қорытындысында әйелім өтті, мен өте алмадым, – деді ол.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін, Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болған еді. Әзілкеш Дубайдан Мәскеудегі Внуково халықаралық әуежайына ұшып келгенде ұсталған. Кейін әртіс Ресейден шығып, Алматыға ұшып келген.

Нұрлан Сабуровтың «Истра Вагнер» легионына мотоцикл тапсырып, оларға Украинадағы соғыстан «жеңіспен оралыңдар» деп тілек айтып тұрған видеосы тарағаннан кейін, ҚазақстанныңҰлттық қауіпсіздік комитеті тексеру жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған.

Серіктес жаңалықтары