×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Абақтыдағы адамды ұрып-соққан Қадыровтың ұлы «Ислам құндылықтарына» қосқан үлесі үшін марапатталды

25.10.2023, 16:07
Рамзан Кадыров, Адам Кадыров, Рустам Минниханов, Адам Делимханов

Қарашай-Черкес Республикасының басшысы Рашид Темрезов республиканың ең жоғары мемлекеттік наградасы Рамзан Қадыровтың 15 жастағы ұлы Адамның Қарашай-Черкес Республикасына сіңірген еңбегі үшін орденімен марапатталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz сайты.

Рашид Темрезов жазғандай, Адам Қадыров орденмен «ұлтаралық және өңіраралық бірлікті дамытуға және дәстүрлі ислам құндылықтарын нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін» ие болды.

Бір күн бұрын Татарстан басшысы Рустам Минниханов Рамзан Қадыровтың ұлын «ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін» «Дуслық» орденімен марапаттағаны белгілі болған.

Қыркүйек айының ортасында Рамзан Қадыров Шешенстанның тергеу изоляторында Құранды өртеп, Исламға сенушілердің сезімін қорлады деп айыпталған Волгоград қаласының тұрғыны Никита Журавелді 15 жасар ұлы Адамның ұрып-соғып жатқаны түсірілген видеоны жариялаған. Қадыров ұлының әрекетін мақтан тұтатынын айтты.

Полиция Адам Қадыровты «бар болғаны 15 жаста» деп түсіндіріп, қылмыстық іс қозғамады.

Қазан айының ортасында Рамзан Қадыров Журавел «Исламды қабылдауға және оқуға дайынмын» деген видео жариялады.

Серіктес жаңалықтары