×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Кенесары Қаптағаев өмірден өтті

31.10.2023, 12:23
фото: alashainasy.kz

Қоғам қайраткері Кенесары Қаптағаев дүниеден озды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы мемлекет және қоғам қайраткері Серік Әбдірахманов мәлім етті.

«...Ұлт мүддесі тұрған жерде ол кері қайтпайтын мінезді жігіт еді. Мен оған айтатынмын әкеңе қатты ұқсаған екенсің деп. Мұхамәділ ағамыз соғыста айып батальонындағы барлаушылар тобына командирі болып, «Ерлігі үшін» медалімен үш рет марапатталған. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ол кісі ұсынылып, жұлдыздың орнына айып батальонының жауынгеріне тек медаль ғана берген. Батыр ағамыз 1953 туған ұлын Кенесары деп атауы да жүрегінің түгі барды білдірмей ма… Кенесары ұлт намысын қорғап, өмірін ел мүддесіне арнады, әкесінің үмітін ақтады. Марқұмның жанұясына, жақындарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Кенесары мәңгі менің жүрегімде!», - деп жазды Серік Әбдірахманов.

Кенесары Қаптағаев Н.Ә.Назарбаевтың кеңесшісі, «Желтоқсан көтерілісі» ҚБ тең төрағасы,  «Ұлт дабылы» қоғамдық қозғалысының жетекшісі сынды лауазымды қызметтер атқарған.

Серіктес жаңалықтары