×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Рудныйда ЕRG кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты

01.11.2023, 09:48
Рудныйда ЕRG кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты
фото: ашық дереккөзден

Рудныйдағы кәсіпорын аумағында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайғылы оқиға «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ аумағында болған.

«ССТБӨБ аумағында темірбетонды жабынды бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер мекеменің қызметкері оқыс оқиғадан көз жұмды. «ССТӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген кәсіпорын ақпаратында.

Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі – Қазақстандағы темір кендерін өндіру және байыту жөніндегі ірі кәсіпорын. 1954 жылы құрылған. Eurasian Resources Group (ЕRG) құрамына кіреді.

Кәсіпорында 18 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бірнеше жыл бұрын таза пайдасы 20 млрд теңгеден асты.

ССТБӨБ  құрамына Соколов, Сарыбай, Қашар және Қоржынкөл карьерлері, "Соколовская" шахтасы, Алексеевский доломит кеніші, байыту фабрикалары мен түйіршіктер өндірісі кіреді.

Forbes мәліметтері бойынша, 2018 жылы компания табысының 95%-ы немесе 206,68 млрд теңге темір кені өнімдерін сатудан түскен. Кәсіпорын мемлекетке 36,2 млрд теңге салық төлеген.