×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жылдық инфляция – 11%: Қазақстанда қандай тауарлар күрт қымбаттады

01.11.2023, 13:02
Коллаж: Ulysmedia.kz

2023 жылғы қазандағы айлық инфляция деңгейі 0,7%, ал жылдық инфляция деңгейі 10,8% болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір ай ішінде:

  • үйді жалға алу — 2,3%;
  • тас көмір — 2,3%;
  • қызанақ — 9,6%; 
  • жұмыртқа — 5,5%;  
  • жаңа піскен көкөніс — 1,8%;
  • жарма — 0,8% ;
  • күнбағыс майы — 0,9% қымбаттаған.

Ал бір жылда бағасы күрт өскен өнімдер:

  • қырыққабат — 69,1%  
  • парацетамол — 70%  
  • қоқыс шығару — 32%  
  • қарақұмық жармасы — 20,1%  
  • құмшекер — 16%  
  • күнбағыс майы — 16,2%. 

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда азық-түлік бір жылда 35% қымбаттағаны хабарланған.

Жуырда еліміздің 13 облысында ұн бағасы шарықтады.

Бұдан бұрын елде инфляцияның тежелгенін сүйіншілеген Ұлттық банк пен Үкімет бұл кімнің еңбегі екенін анықтай алмай, жарты жеңіске таласып қалған.

Алайда қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетовтің пікірінше, инфляцияның төмендеуі – маусымдық құбылыс.

Күзде инфляция әрдайым төмендейді, өйткені егін жинау науқанында өнімдер арзандайды. Тек осы табиғи себептерге байланысты инфляция 11,8 пайызға дейін төмендеді. Желтоқсан айында инфляция қайтадан жеделдейді, қаңтарда ол қарқын алады, ақпанда біз үнемі азық-түлік инфляциясының шарықтау шегіне жетеміз. Өйткені тамақ жоқ, оны сақтау қиындайды – бәрі қымбаттайды. Сондықтан қазіргі төмендеу Ұлттық Банктің еңбегі болуы мүмкін, бірақ әдеттегі маусымдық фактордың әсері көбірек, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары