×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда ұсталған ресейлік белсенділерге пана іздеуші мәртебесі берілді

02.11.2023, 13:38
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматының тергеу изоляторында отырған ресейлік белсенділер Айхал Аммосов (Игорь Иванов) мен Наталья Нарская пана іздеуші куәлігін алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Адвокат Мұрат Адам хабарлағандай, пана іздеушілер мәртебесі Айхал Аммосов пен Наталья Нарскаяны Ресейге экстрадициялау туралы шешім қабылдауды тоқтатады, бұл туралы прокуратураның аумақтық органдарына хабарламалар жіберілді.

"Оларға баспана беру туралы шешіммен шатастырмауды сұраймын, өйткені біз барлық заңды негіздердің болғанына қарамастан мұндай шешімге әлі қол жеткізген жоқпыз", – деді ол.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда ресейлік соғысқа қарсы белсенді және музыкант Айхал Аммосовтың ұсталғаны хабарланған болатын.

Росфинмониторинг Аммосовты экстремистер мен террористер тізіміне енгізген. Осыдан кейін ІІМ музыкантқа іздеу жариялады. Десе де, белсендінің үстінен экстремизм немесе терроризмге қатысты бап бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарланған жоқ.

Ресейлік белсенді алғаш рет 2022 жылдың тамызында қала орталығында «Yakutian punk against war» ("Якут панкі соғысқа қарсы") баннерін ілу әрекетінен кейін ұсталды. Ол кезде музыкант ұсақ бұзақылық туралы бап бойынша 15 тәулікке қамалды.

3 қыркүйекте Аммосов айыппұл төлеуден жалтару туралы бап бойынша қайтадан қамауға алынды. Полиция музыкантқа қарсы Ресей армиясының "беделін түсірді" деген желеумен қылмыстық іс қозғады. Оның айтуынша, ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нарская да соғысқа қарсы ұстанымымен танымал. Ресей Федерациясында ол ел армиясына сын айтқаны үшін "интернетте экстремизмге ашық үгіттеді" деген айып тағылып отыр. Белсенді шілде айында Алматының тергеу изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары