×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ресей ядролық сынақтар жүргізе бастауы мүмкін: Путин тиісті заңға қол қойды

02.11.2023, 16:14
RFE/RL

Ресей президенті Владимир Путин Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты ратификациялауды жою туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты 1996 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдады. Құжат ядролық жарылыстарға, соның ішінде бейбіт мақсатта жарылыстар жасауға тыйым салады.

Шартты өзге мемлекеттерден қатар Қазақстан мен Ресей де ратификациялады, Алайда АҚШ пен Қытай ратификацияламағандықтан құжат күшіне енбеген. Владимир Путин 5 қазанда "Валдай" пікірталас клубының отырысында айтқандай, шарттың күшіне енбеуі Ресей билігіне ратификацияны қайтарып алуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ратификацияны кері қайтарып алу Ресей Федерациясының ядролық сынақтар жүргізуге ниетті екенін білдірмейді деп мәлімдеген. Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Леонид Слуцкий Ресейдің шарттан шықпайтынын, тек ратификациялау грамотасын қайтарып алатынын айтты.

Сонымен бірге, ақпан айында Путин АҚШ ядролық сынақтар жүргізген жағдайда Ресей де соған дайын болуы керегін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары