Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің ұсынымдарын іске асыру үшін заңнамаға әзірленіп жатқан түзетулер туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұған дейін Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк Қазақстанның қаржы секторын бағалау бағдарламасы аясында бірнеше ұсыныстар берген болатын.
Атап айтқанда:
Тимур Сүлейменов Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамаға тиісті өзгерістер әзірлеп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, 2009-2020 жылдар аралығында банктерге 8,2 трлн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетілгені айтылды. Оның тек 1,9 трлн теңгесі өтелген.
Айта кетейік, бұдан бұрын банк акционерлерінің жауапкершілігін қатаңдату үшін төлем қабілеті төмен банктердің жұмысын реттеуге және мемлекеттік қолдауды шектеуге қатысты заң жобасының әзірленіп жатқаны хабарланған. Мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылай қолдауды толық өтемейінше, банк басшыларына дивидендтер мен бонустар төлеуге заң жүзінде тыйым салатын өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.