×
474.83
515.38
5.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
515.38
5.5

Тоқаев Астана әуежайында Путинді күтіп алды

09.11.2023, 07:24
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Ресей басшысын елімізге Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Бірнеше ай бұрын қостанайлықтар Путиннің келуіне жергілікті биліктің бюджет қаражатын аямай, барынша мұқият дайындалып жатқанын айтқан. Алайда билік үкіметтің резервінен тек инфрақұрылымды жақсарту үшін ақша бөлінгенін алға тартты.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Мәжіліс кулуарында журналистер Путиннің Қостанайға бармайтынын, форумға тек онлайн қатысатынын еске салып, ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыровтан “Оның келуіне жұмсалған миллиардтар бос шығын болды ма?” деп сұрады.

Серіктес жаңалықтары