×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Путин Қостанайға бармайды: оның келуіне жұмсалған 13 млрд теңге бос шығын ба

08.11.2023, 15:39
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 9 қарашада Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге қанша қаржы жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, шараны ұйымдастыруға 13 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Бастапқыда қалаға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келеді деп жоспарланған. Алайда кейінірек президенттер форумға онлайн түрде қатысатыны белгілі болды. Осы орайда журналистер ҰЭМ басшысынан “Жұмсалған қаржы бос кеткен жоқ па?” деп сұрады.

Алайда аймақ басшылығы секілді Қуантыров та қаладағы кез келген инфрақұрылым қала тұрғындарының игілігі үшін жасалатынын алға тартты.

"Шара өтеді, Ресейдің шекаралас аймақтарынан кәсіпкерлер, біздің кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер келеді. Қала дамуы үшін кез келген нысан, соның ішінде визит орталықтар қажет. Мәселе біраз өңірде кәдімгі қонақүйлердің болмауы туралы. Мысалы, қазір өкінішке қарай облыс орталықтарының көбінде қонақүйлер жоқ. Елде әлемдік брендтер Астанада, Алматыда, Шымкентте, Атырауда, Маңғыстауда бар. Ал инвесторларды 4-5 жұлдызды қонақүйлер тартады. Жақында Оралға бардым. Онда бүкіл қалада жалғыз қонақүй бар", – деді министр.

Әлібек Қуантыров салынған барлық инфрақұрылым нысандары қалалықтар үшін қызмет ететінін, олардың инвестициялық тартымдық үшін пайдалануға болатынын атап өтті.

Еске салайық, ертең Путин Астанаға ресми сапармен келеді.

Ақорданың хабарлауынша, Ресей басшысын елімізге Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Бірнеше ай бұрын қостанайлықтар Путиннің келуіне жергілікті биліктің бюджет қаражатын аямай, барынша мұқият дайындалып жатқанын айтқан. Алайда билік үкіметтің резервінен тек инфрақұрылымды жақсарту үшін ақша бөлінгенін алға тартты.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қостанай әкімдігі Путиннің келуіне наразылық білдірмек болған белсендіге қоқан-лоқы көрсеткені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары