×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден озды

25.11.2023, 18:47
Фото: Ашық дереккөзден

Әйгілі ансамбльдің әншісі 73 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданып, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінде өнер көрсеткен.

Ақжол Мейірбеков 1972 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық «Алло, біз таланттарды іздейміз» атты ән байқауында халық әні "Айгөлек" әнімен гран-при жүлдесін ұтып алған. Әйгілі “Дос Мұқасан” ансамбльінің құрамында жүріп, "Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі” халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндерін орындаған. 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрған.

 

 

Серіктес жаңалықтары