×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер 101 жасында қайтыс болды

30.11.2023, 07:30
Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хайнц Альфред Киссинджер АҚШ-тың Коннектикут штатындағы үйінде қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясаткердің қазасы жайлы оның Kissinger Associates консалтингтік фирмасы хабарлады. Өлім себебі айтылмаған.

1960-1970 жылдары Киссинджер сыртқы саясат жөніндегі кеңесші, кейінірек АҚШ президенттері Ричард Никсон мен Джеральд Фордтың жанындағы мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған. Ол басқалармен қатар Вьетнам соғысының аяқталуына, Кеңес одағымен шиеленісті жеңілдетуге және Америка Құрама Штаттарының Қытаймен қарым-қатынасының басталуына ықпал етті. 1973 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Отставкаға кеткеннен кейін Киссинджер әлемнің ондаған көшбасшыласынаа "геосаяси кеңес" берген саясаткер.

Серіктес жаңалықтары