×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыдағы өрт: Қаза тапқандар ішінде Өзбекстан, Пәкістан азаматтары бар

30.11.2023, 08:59
Алматы ТЖД

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың сөзінше, хостелде өрттен қаза болғандардың ішінде Өзбекстан, Пәкістан азаматтары бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Студенттердің бәрі 25-30 жаста болған. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.

– Хостелдің жұмыс істеп тұрғанына бар-жоғы бір жарым ай болды. Әкімшілігі солай деді. Жалпы жертөле аумағын жатақхана ретінде пайдалану заңсыз. Автоматты өрт сигнализациясы бар. Ол білуімізше белгі берген, – дейді ол.

Өрт кезінде хостелде 72 адам болған.

Еске сала кетейік, бүгін таңға жуық Алматыда хостел өртеніп, 13 адам көз жұмғаны белгілі болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі сағат 08:40-қа дейін жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақүйлеріне орналастырылады.

Серіктес жаңалықтары