×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Бақытжан Базарбек “журналистерді қорғайтын, бірақ жұмыс істемейтін” бапты күшейтуге шақырды

30.11.2023, 16:09
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек журналстердің құқығын қорғауға бағытталған қылмыстық кодекстің 158-бабын күшейтуге шақырды. Ол бұл ұсынысын Масс-медиа туралы заң жобасы талқыланған мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бақытжан Базарбек Мемлекет боламыз десек, журналистердің құқығын қорғауымыз керек деп бастады сөзін. "Себебі бұл жерде демократияны құрып жатырмыз деген сөздеріміз бос болып қалмауы керек" деген депутат мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевке сұрақ қойды.

- Журналистерге ерекше мәртебе берейік деп отырмыз. Алайда іс жүзінде қылмыстық кодекстің 158-ші бабы бар. Оған сәйкес журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру бабы бойынша қылмыстық бап тіпті жұмыс жасамайды. Алысқа барудың қажеті жоқ. Біздің журналистика саласындағы майталмандарымыз Вадим Борейко, Гүлжан Ерғалиева, Гүлнар Бажкенова, Самал Ибраева сияқты қаншама журналистерімізге қоқан-лоқы жасап жатыр. Ең қызығы, қоқан-лоқы жасалғаннан кейін ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ. Отызға жуық провакация жасалыпты. Бірақ бірде-бір қылмыскер бас бостандығынан айыру жазасына тартылған жоқ. Бір ғана мысал Петропавлда 18 жылда бірінші рет бұл қылмыстық бап жұмыс істепті, – дейді депутат. 

Бақытжар Базарбек өз сөзінде журналистердің телефондарын тартып алу, камераларын бұзып тастау жайттары кездесетінін айтты. 

- Бұл бап жұмыс істей ме, әлде істемей ме? Бапты күшейтудің жолдары бар ма? Егер бұл бап жұмыс істемесе жұмыс істетейік, – деді ол. 

Аида Балаева журналистердің құқығын қорғауға дайын екенін айтты. Өйткені, “бұл – министрліктің құзыретіндегі мәселе” дейді ол.

- Нақты бапқа келсек, бұл баптың жұмыс істеуі "екіталай". Бес жылдың ішінде сараптама жүргіздік. Біздің мәліметіміз бойынша 9 ғана іс қозғалыпты. Нәтижесіз. Сондықтан осы норманы уәкілетті органдармен тағы бір қарастырайық. Өйткені жалпы адам тағдыры. Сондықтан құқық қорғау органдарымен бірге екінші оқылымға дейін қарастыруға дайынбыз, – дейді министр.

Ал Жандос Өмірәлиев 158 бап бойынша 2015 жылдан бері енгізілгелі 21 қылмыстық іс қозғалғанын, соның ішінде, әрине, сот үкімдері, екі жақтың татуласуына байланысты қылмыстық істер қысқарған фактілер барын атап өтті.

- Қылмыстық іс тек арыз түскен кезде ғана қозғалады. Сол себепті бұл істің қозғалуы көбінесе БАҚ өкілдерінің полицияға дер кезінде шағымдануына тікелей байланысты. Жалпы проблеманы мен естідім. Жекелеген істерді жеке талдау керек. Жалпы 158-ші бап бұрын да болған. Бірақ 2015 жылы түзетулер енгізілгелі 21 іс қозғалған. Оған дейін бірде-бір іс қозғалмаған. Біз бұл бағытта жұмыс істейміз, – дейді Өмірәлиев.

Серіктес жаңалықтары