×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Шетелдік инвесторларға жайлырақ жағдай жасалады»: министр депутаттың сынымен келіспейді

06.12.2023, 11:13
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әділет министрі Азамат Есқараев шетелдік инвесторлармен қатар, отандық инвесторларға да жақсы жағдай жасалған деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Болатбек Әлиев Қазақстанда отандық инвесторлардан қарағанда, шетелдік инвесторларға көбірек жағдай жасалғанын мәлім еткен еді. Оның сөзінше, елде шетелдік инвесторлардың қатысуымен тағы бір жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Мен «Kazakh Invest» компаниясына үзілді-кесілді қарсымын, шетелдік инвесторларды іздеп шетелге барады, оларды осындай жобаларды жүзеге асыруға тартады. Егер жоғары технологиялық бизнестің қандай да бір түрі болса бір жөн. Қарапайым ғана бизнеске отандық кәсіпкерлер де атсалыса алады», – деп атап өтті депутат.

Осы мәселенің мән-жайын Ulysmedia.kz тілшісі әділет министрі Азамат Есқараевқа қойған. “Депутат айтқандай, отандық бизнесмендерге шетелдік инвесторлардан қарағанда жағдай жасалмай ма?” деп сұрақ қойылды.

– Мен онымен келіспеймін. Егер отандық инвесторлар бізге ақшасын құйып, инвестициясы салып, жаңа жұмыс орындарын ашып, жаңа жобаларын бастап жатса ұлттық заңнамаға сәйкес нақты преференциялар мен шешімдер көзделген. Ол заңда толық жазылған. Қолдау жасалады, – дейді депутат.

“Шетелдік инвесторлармен жұмысты үйлестіретін Қазақ инвест компаниясына көңіліңіз тола ма?” деген сұраққа министр ол мекеме “бізге қатысты мекеме емес, сондықтан мен ол жайлы қалай айта алам?” деп жауап берді.

Серіктес жаңалықтары